Тоғыз балалы түркістандық омарташы тоғыз мың араны өсіреді

Oinet.kz 04-05-2020 840

Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылының тұрғыны 45 жастағы Мәлік Айтымбетов 9 ұл-қыздың әкесі. Бүгінде ол 70 жәшік бал арасын ұстайтын ауылға аты мәлім омарташы. Бұл іспен айналысқанына 7 жыл болыпты. 

e9f8b2c3-d55a-415f-91b3-65ccc9f18490.jpg

Алайда, М.Айтымбетов атаулы әлеуметтік көмек алмай тұрып, ісін өрге домалата алмаған. Яғни, омарташылыққа қажетті құрал-саймандарды түгелдеуге шамасы жетпепті. Ал былтырғы жылы отбасымызға береке кірді дейді ол шаттанып. Үкіметтен 9 балаға атаулы әлеуметтік көмектің арқасында 1 млн 498 мың теңге қаржы берілген. Осы қаржыға ол бал өндіретін диірмен, омарта жәшіктерін, көшіруге тіркеме сатып алыпты.

«Біз ауылдағы үлкен отбасы саналамыз. Жанұямызда 11 жанбыз. Алланың берген 9 ұл-қызы бар. Солардың несібесіне былтырғы жылы үкіметтен атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Құжатты дер кезінде дайындап, жергілікті әкімдікке өткіздік. Көп ұзамай үлкен қаржыға қол жеткізіп, өзімнің шаруашылығыма қажетті бар керек-жарақты сатып алдым. Бүгінде соның арқасында балдың 10 түрін өндіріп жатырмын», – дейді Мәлік Айтымбетов.

Әйелі Нағима Айтымбетова алтын алқа иегері. Жуырда ғана ол бала күтімінен босап, бір мекемеге тазалаушы боп орналасыпты. Айлық жалақысы – 40 мың теңгені құрайды. Омарташылықты кәсіп еткен отбасының үлкендері Нұр-Сұлтан қаласындағы жоғары оқу орнында оқиды екен. Олардың ендігі армандары – омарташылықты кеңейтіп, бал арасы орналасқан тіркемелерді таситын жүк көлігін сатып алу.

Сарыағаш ауданының бір ғана ауылында 300 гектар жылыжай бар
Қазығұрттықтар шағын несие мен қайтарымсыз қаржының игілігін көруде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу