Шаруалар бір жерден екі өнім алуды көздеп отыр

Oinet.kz 04-05-2020 824

Түркістан облысы Түлкібас ауданының шаруалары биыл жыл бойына егістікке екі рет көкөніс түрлерін отырғызды. Ондағы мақсат – мол өнім жиып алу. Былтыр осы жаңашыл әдісті тәжірибе ретінде сынап көрген біршама шаруалар табыспен шыққан болатын. Биыл қызығушылық танытқан диқаншылар қатары артқан. Олар мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдауларды тиімді пайдаланып, өнім көлемін арттыруда да жоспарлап отыр.

ddedd5fd-6286-4856-bb93-8c8685776242.jpg

Ең бастысы, бүгінгі таңда бір жерден екі өнім алатын 154 шаруашылықтың тізімі жасалынды. Жалпы көлемі 265,33 га жерге қызанақ, қияр, жүгері, ноқат, сарымсақ, картоп көкөністерін отырғызып мол өнім алуды көздеуде. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі мамандарының болжамына сәйкес, 1-ші өнім 1721,3 тонна, ал екінші өнім көлемін 4358,0 тоннаға жуықтайтынын айтып өтті. 

Табиғаты тамаша Түлкібас ауданында ауыл шаруашылығы және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытында ауқымды жұмыстар іске асырылуда. Қазіргі таңда аудан әкімдігінің тиісті дербес бөлімдері мен кент, ауылдық округ мамандары тарапынан өз кәсібін ашуға қызығушылық білдірген тұрғындарға жан-жақты қолдаулар күшейтілген. Сонымен қатар, суармалы жерлерді ұлғайту мақсатында да жүйелі шаралар іске асуда.

Қазығұрттық кәсіпкер жалғызбасты анаға баспана салып берді
Түркістан облысында 142 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істеуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу