«Кең Дала» бағдарламасы бойынша шаруаларға көмек берілуде

Oinet.kz 30-04-2020 910

Мемлекет басшысы өз жолдауында аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керектігін атап өткен болатын. Бүгінде бұл бағытта Түркістан облысында көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Сондай-ақ, ауылшаруашылығы саласының дамуы өңір экономикасының алға жылжуына тікелей қатысты болғандықтан, бұл саланы одан әрі жандандыру мақсатында әкімдік тарапынан да қолдаулар көрсетілуде.

113a7c4d-b50e-4c87-8bb9-13a230018d11.jpg 

Түркістан облысында «Кең Дала» бағдарламасы бойынша көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу ісі қолға алынуда. Бұл жобаны «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс» микро қаржылық ұйымы қаржылындармақ. Осы мақсатта биыл 950 млн. теңге көлемінде қаржы бөлініп, аталған бағдарлама бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ оператор болып бекітілген.

Бүгінгі таңда «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы тарапынан мақта, мақсары, бидай және бақша дақылдарын өсіру бағыттары бойынша жалпы сомасы 360,5 млн. теңгені құрайтын 10 жоба қаралып, мақұлданған. Сондай-ақ, тағы жалпы сомасы 415 млн. теңгені құрайтын 6 жоба қаралу үстінде. Бұл жобаларды 30 сәуірге дейін қаралып бітеді деп жоспарлануда.

Бұдан бөлек, жалпы сомасы 174,5 млн. теңгені құрайтын 4 жобаның құжаттарын жинау жинау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, «ОҢТҮСТІК» АИО» ЖШС-гі қаржы құралдарын толықтай игеруді 2020 жылдың 31 мамырына дейін жүзеге асыруды жоспарлауда.

Көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру жылына 5 пайыздық сыйақы мөлшерлемесі бойынша жүргізу ісі 2020 жылдың 15 қарашасына дейін жалғасады. Ал несиені қайтару мерзімі Түркістан облысының жеке тұлғаларына, шаруа қожалықтарына, жеке кәсіпкерлеріне және заңды тұлғаларына өсірілетін дақылдардың бекітілген тізбесі мен шығын нормативтеріне сәйкес жүзеге асырылмақ.

Отандық тауар экспорты ұлғаюда
Түркістан қаласында пальма аллеясы ашылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу