Жеңілдетілген несие несібені арттыруда

Oinet.kz 29-04-2020 954

Бүгінде кәсіпкерлікті қолдауға мемлекет тарапынан үлкен көмектер көрсетіліп жатыр. Әсіресе, жеке кәсібімді ашып, бизнес кеңейтемін деген тұрғындарға мол мүмкіндіктер берілуде. 

85a87c37-9f1b-4bb9-95c1-4da64571514a.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлының тікелей тапсырмасымен, кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының қолдауымен қысқа уақытта «Қамқор», «Кәсіпкер ана» бағдарламалары «Ырыс» микроқаржы ұйымы тарапынан қолға алынды. Сондай-ақ, «Жас кәсіпкер» бағдарламасының несие шарттары жеңілдетіліп 4 пайыздан, 1 пайызға төмендетілді.

Аталған бағдарламалар бойынша Арыс қаласында 320 млн. теңгеге 86 жоба қаржыландырылып, халықтың әл-ауқатын көтеру бойынша жемісті жұмыстар атқарылған. Кәсіпкерлер 5 миллионға дейінгі қаржыларды 1 пайыздық төлеммен алып, кәсіптерін кеңейтті. Солардың бірі Алтынай Туманова азық-түлік дүкеніне және ұн алуға 5 миллион теңге несие алған. Осылайша көпбалалы ана жеңілдетілген несие арқылы өз кәсібін кеңейтіп отыр. 

Ал, Әлия Күлбаева да «Ырыс» микроқаржы ұйымынан «Қамқор» бағдарламасы аясында, «Құрылыс заттары дүкеніне» 5 миллион теңге несие алған. Мемлекет тарапынан үлкен қолдау тауып отырған көпбалалы ананың құрылыс дүкені табысты жұмыс жасап жатыр. 

Бүгінде қос кәсіпкерлік нысанда жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылып, несібелерін арттырып отыр. 

Жалпы Түркістан облысындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің жұмысы өткен жылы 108,6 пайызға артып, Республикада үздіктер қатарынан көрінді.

50 отбасыға көмек берілді
Игі істің қасынан табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу