«Біз біргеміз» Арыста жалғасып жатыр

Oinet.kz 17-04-2020 640

Screenshot_11.png

Төтенше жағдайға байланысты қиын-қыстау сәтте Арыс қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы халықпен бірге екендіктерін көрсетуде.

Омаров Нұркен басқарған ұжым "Біз біргеміз" акциясы аясында қалада әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға қосымша қажетті азық-түліктермен қамтамасыз етті. Бұл туралы Арыс қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

-Ел басына осындай қиын сәт түскенде, халықпен бірге болып, көмек қолын созған басқарма ұжымына шын жүректен алғыс айтамыз,-делінген әкімдліктің таратқан мәліметінде. 

Ал Арыс қаласы ішкі саясат бөлімі, "Жастар ресурсы орталығы" КММ еріктілері төтенше жағдай мен қаладағы карантинге байланысты айрықша режимде қызмет етуде.

Олар әлеуметтік нысандарда және тұрғындар көп шоғырланатын орындарда түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін дауыс зорайтқыш пайдалануда. Сонымен бірге, коронавирустың алдын алу, халық арасында сақтық шаралары мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік желілерде, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық материалдар кеңінен насихатталуда. Аталған іс-шаралар жүйелі түрде жалғасатын болады.

Жалпы Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында коронавирус індетінің таралуын одан әрі өршітпеу үшін залалсыздандыру, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. 


Жетісайлық кәсіпкерлердің жомарттығы
Төтенше жағдай кезінде сессия онлайн режимінде өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу