Жетісайлық кәсіпкерлердің жомарттығы

Oinet.kz 17-04-2020 621


Screenshot_10.png

Елдегі төтенше жағдай кезеінде жетісайлық кәсіпкерлер де шама-шарқынша елге қолұшын созуда. Бірі – аз қамтамасыз етілген, көпбалалы және карантиндік аймақтағы отбасыларға азық-түлік пен гигиеналық заттар жағынан көмек берсе, енді бірі – медициналық препараттар мен қажетті құрал-жабдықтарды әперуде.

Жетісай ауданы әкімдігінің хабарлауынша, сондай жомарт жандардың бірі, жас кәсіпкерлер, Жетісай ауданы, Асықата өңірінің тумалары, «Астана Строй Проект» ЖШС директоры Данияр Аташов пен «ATASH GROUP» ЖШС директоры Исатай Аташовтар. Олар өздерінің есебінен аудандық «Жетісай» орталық ауруханасына жедел қызмет көрсетуге арналған 4 комплект жасанды тыныс алу аппараттары мен қызу өлшегіш құралдарды сыйға тартты. Оттегі концетраторлары, оттегі маскалары мен мұрын кануласынан тұратын медициналық аппараттар коронавирус індетіне шалдыққан науқастарды емдеуде таптырмайтын құрал.

«Індетке шалдыққан науқастың өкпесіндегі тыныс алу жолдары зақымданғанда оттегі жетіспеушілігі туындайды. Міне, осындай жағдайда тыныс алу аппаратының маңызы өте зор» деген мамандар кәсіпкерлерге алғыстарын білдіреді.

Айта кетейік, бұған дейін табысты кәсіпкерлер көршілес Мақтаарал ауданындағы аудандық «Мырзакент» орталық ауруханасына да дәл осындай 2 жасанды тыныс алу аппараттарының жиынтығын сыйға тартқан болатын.


Әжелер алқасы да атсалысып жатыр
«Біз біргеміз» Арыста жалғасып жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу