Түркістан облысында «Qamqor Azamat» ақпараттық жүйесі жұмыс істейді
Қазіргі уақытта Түркістан облысының ашық әкімдігі болып табылатын «Qamqor Azamat» ақпараттық жүйесінде техникалық жақсарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Елнұр Өтебаев айтты деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі.
– Ақпараттық технологиялар арқылы билік пен қоғам диалогын құру, азаматтардың облыс өміріне қатыстылығын сезіндіру, билік тарапынан қабылданған шешімдердің ашықтығы мен іске асырылуына сендіру мақсатында іске қосылған «Qamqor Azamat» (Түркістан облысының ашық әкімдігі) ақпараттық жүйесінде қазіргі уақытта техникалық жақсарту жұмыстары жүргізілуде. Түркістан облысының ашық әкімдігі шеңберінде «Белсенді азамат» жобасы жұмыс істейді. 109 бірыңғай байланыс орталығы 24/7 форматында тәулік бойы қоңыраулар қабылдауда. «Белсенді азамат» – Түркістан облысында әр түрлі салаларда жасалып жатқан іс-шараларды халыққа дауысқа қою, шағымдар мен ұсынымдар, басшының қабылдауына электронды тіркелу, мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын халық бағалайтын арнайы оңтайландырылған платформа. Сонымен қатар, облыс әкімі аппараты, облыстық басқармалар, аудан, қала әкімдіктерінің мемлекеттік қызметшілеріне халықпен жұмыс жасау мақсатында порталда жеке кабинет ашылды. Алдағы уақытта, облыс тұрғыдарының әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерін жедел шешу үшін мемлекеттік қызметшілер жеке кабинетін пайдаланатын болады, – дейді басқарма басшысы.