Түркістан облысында «Белсенді азамат» тәулік бойы қоңыраулар қабылдауда

Oinet.kz 06-04-2020 651

кол-центр.jpg

Түркістан облысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған «Белсенді азамат» жобасының 109 бірыңғай байланыс орталығы 24/7 форматында тәулік бойы қоңыраулар қабылдауда. Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының мәліметінше, республика бойынша 2020 жылдың 16 наурызынан бастап төтенше жағдай енгізілгендігіне байланысты 109 call-орталығы қазіргі уақытқа дейін облыс тұрғындарынан екі мыңнан аса қоңыраулар қабылдаған, деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі.

– Байланыс орталығына келіп түскен арыз-шағымдардың басым көпшілігі коронавирус пандемиясына қарсы жасалатын профилактикалық жұмыстарға, азық-түлік бағалары мен әр түрлі коммуналдық салаға қатысты болып отыр.

Сонымен қатар, облыс тұрғандарының мәселелерін жылдам шешу мақсатында, келіп түскен арыз-шағымдар «Белсенді азамат» жобасына бағытталып отыр. Бұл портал арқылы түскен шағымдар өңделіп, тұрғындар өтініштеріне жедел жауап алады, – дейді облыстық Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының Елнұр Өтебаев.

«Белсенді азамат» – Түркістан облысында әр түрлі салаларда жасалып жатқан іс-шараларды халыққа дауысқа қою, шағымдар мен ұсынымдар, басшының қабылдауына электронды тіркелу, мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын халық бағалайтын арнайы оңтайландырылған платформа.



«Smart Turkistan» мобильдік қосымшасы іске қосылды
Түркістан облысында «Qamqor Azamat» ақпараттық жүйесі жұмыс істейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу