Жетісайда шектеу шаралары күшейтілді

Oinet.kz 02-04-2020 641

92133112_524461598487605_6754187134996840448_n.jpg

Түркістан облысында коронавирус індетін жұқтырған бес науқас тіркелген Жетісай ауданында тиісті шаралар қолға алынуда. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімдігі хабарлады. 

 Індеттің алдын алу, дертке шалдыққандардың санын арттырмау мақсатында құрылған жергілікті штаб төрағасы, аудан әкімі Жамантай Қанайұлының шешімімен Жетісай қаласында шектеу шаралары күшейтілді. Аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен прокуратура қызметкерлері, полиция бөлімінің инспекторлары мен аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері, БАҚ өкілдері мен Жетісай қаласы әкімдігі қызметкерлерінің қатысуымен қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қалаға кіретін күре жолдардың бойына 6 блок-бекеттер қойылып, кешкі сағат 19:00-ден кейін қалаға кіру тыйым салынды.

Бекітілген шектеу шараларына байланысты азық-түлік дүкендерінің жұмысы 09:00–21:00 аралығында, азық-түлік базарларының жұмысы 10:00–18:00 аралығында, қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы 10:00–21:00 аралығында, банктер мен почта байланыс және жекеменшік нотариустардың жұмысы 10:00–16:00 аралығында, дәріханалардың жұмысы 09:00–21:00 аралығында, шаштараздар мен сән салондары және техникалық қызмет көрсету орындары 10:00–16:00 аралығында, жанар-жағар май құю бекеттері 10:00–18:00 аралығында ғана жұмыс істейтін болады.

Сонымен қатар, 2020 жылдың 01 сәуірінен бастап сағат 19:00 – 06:00 аралығында қала ішінде көлік және адамдардың жүрулеріне шектеу қойылады. Тәртіпке бағынбаған азаматтарға ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабымен хаттама толтырылып, 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Айта кетейік, қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың көшелері залалсыздандырылып, күніне жуылып отыратын болады.


Төтенше жағдай кезінде үйде отырып тапсырыс бере аласыз
Жетісайға кіретін жолдар жабылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу