Жетісайға кіретін жолдар жабылады

Oinet.kz 02-04-2020 704

91381263_524226721844426_3497407322425131008_o.jpg

Жетісай ауданында 5 адам тіркеліп, бір елді мекенмен бір мөлтек аудан карантинге жабылды. Бұл туралы аталған аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

-Ауданымызға кіретін көлік саны едәуір көп бұл жағдай індеттің таралу қаупін арттырып отыр. Сол себепті Жетісай ауданына 1 сәуір күні сағат 19.00-ден бастап таңғы сағат 06:00 аралығында қосымша шектеу шаралары енгізілгенін хабарлаймыз. Атап айтар болсақ Жетісай қаласына кіретін барлық жолдар жабылады. Автокөліктердің қалаға кіруі мен шығуына тыйым салынады. Тіршілікті қамтамасыз ететін арнайы автокөліктерге ғана рұқсат беріледі.

Азық-түлік дүкендері таңғы сағат 09:00 - 21:00 ге дейін

Азық-түлік базарлары таңғы сағат 10:00-18:00 ге дейін

Қоғамдық тамақтану орындары таңғы 10:00-21:00 ге дейін

Банк және почта байланысы таңғы 10:00-16:00 ге дейін

Жанар-жағармай құю стансаларымен 10:00-18:00 ге дейін

Шаштараздар мен Сән салондары таңғы 10:00-18:00 ге дейінгі аралықта шектеледі.

Әлем бойынша адамдар жақын қарым-қатынаста болған кезде вирустың тез таралатыны дәлелденген. Сол себептен аудан аумағында бетперделік режим енгізуге мәжбүр болып отырмыз. Барлық азаматтар медициналық бетперде киюге міндетті. Және 3 адамнан артық топтасып тұруына болмайды.

Кешкі уақытта аса қажеттілік (азық-түлік, дәріханаға барудан басқа ) туындамаса көшеде мүлдем жүруге болмайды.

Кәмелет жасына толмаған балаларды қараусыз жіберген ата-аналар жауапкершілікке тартылатын болады. Жалған ақпаратпен үйден шығып бағытын өзгерткендер және төтенше жағдай кезінде тәртіпке бағынбағандар ҚР-ның Әкімшілік құқықбұзушлық Кодексінің 476-шы бабына сәйкес жазаланатын ескертеміз.

Сол себепті қабылданған шараларға түсінікпен қарап, мейлінше инфекцияның таралмауына атсалысуға шақырамыз. Тиісті гигиеналық талаптарды сақтап, негізсіз көшеге шығуды тоқтатуды сұраймыз,-делінген әкімдіктің жергілікті тұрғындарға жариялаған мәліметінде.  


Жетісайда шектеу шаралары күшейтілді
«Қамқорлық» аясында тегін азық-түлік таратылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу