Төтенше жағдай кезінде үйде отырып тапсырыс бере аласыз

Oinet.kz 02-04-2020 691

3286853.jpg


Түркістан облысы Келес ауданындағы жеке кәсіпкер Ұлбосын Рүстемова өзіне қарасты «Нұр Қожа" рестораны арқылы елде болып жатқан төтенше жағдай кезінде халықтың денсаулығын ойлап, сақтық шараларына өз үлесін қосу мақсатында аудан орталығының тұрғындарына үйінен шықпай мәзірде бар тағамдарға тапсырыс қабылдап, әр тапсырыс берушінің мекен-жайына тегін жеткізіп беруді қолға алды. Тапсырысты арнайы телефон номерлері арқылы жасауға болады. 

Келес ауданы әкімдігі тұрғындардан төтенше жағдай кезеңінде үйден шықпай, сақтық шараларын сақтауды сұранады.

Сондай-ақ, Қазпошта АҚ-ы қызметкерлері зейнетақысын почта арқылы алатын 65 жастан асқан зейнеткерлерге сәуір айының зейнетақысын үйді-үйіне жеткізіп беретін болады. Зейнеткерлер почтаға барып әуре болмай-ақ, зейнетақыны үйде отырып алатын болады. 

Айта к етері, вирустың таралуын болдырмау мақсатында облыс аумағында барлық азаматтар медициналық бетперде киіп жүруі керек. Дүкендер мен қоғамдық орындарда бетпердесіз жүруге тыйым салынады. Онда арнайы залалсыздандыру құралдары орнатылуы тиіс. Тұрғындар үйден тек қана азық-түлік, дәрі-дәрмек алуға немесе жұмысқа бару үшін шығуы керек. Отбасылық мерекелер мен той-жиындарды өткізуге қатаң тыйым салынады.


Нұралы Әбіш арнайы қорға 5 миллион теңге аударды
Жетісайда шектеу шаралары күшейтілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу