«Легенда деген сайын»: Қайрат Нұртас жас әншінің әнін қолды қылғаны рас па?
Белгілі әнші Қайрат Нұртастың жаңа әні дау тудырды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Нақтырақ айтсақ, Қайрат Нұртас өзі орындап жүрген "О махаббат, ғажапсың" деген әнін әнші Самат Жанғазиннің репертуарынан рұқсатсыз алып шырқаған.
Өнер иесі авторлық құқығы барын айтып, сотқа жүгінбей, әншімен байланысуды ойлаған.
"Бұл қалай болғаны? Қайрат Нұртас бауырым менің еңбектеніп, композитор Дәурен Шәріп ағамызбен былтырдан бері дайындап, қаншама оны ұштап, күні-түні ұйықтамай студияда жазып, оранжировщик Азамат Сәбетов та жұмысын қойып, күн-түнге қарамай бізбен студияда жұмыс істеп, еңбектеніп жазған әнімізді дайын өнімдер сұрамай алып жаза салу деген қалай түсінесіздер?", – дейді әнші әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.
Жас әншінің сөзінше, әлеуметтік желіге жазғаннан кейін Қайрат Нұртастың өкілі хабарласқан.
"Енді бұл әнді жарыққа шығарып, "Той-думан" радиосына барып тұсау кесерін жасадық. Сол кезде Қайрат бауырымыздың видеоларын жібереді. Адамгершілікке салынып, Қайрат бауырымызды сыйлаймыз. Жолы үлкен. Ондай нәрсе істеу олардың репутацияларына және командасына кір келтіреді. Мен адамгершілікке салынып, сотқа жүгінген жоқпын. Авторлық құқыққа жазған жоқпын. Өздерінен күттім. Сөйтсем Салтанат деген админстраторы "Жазыпсыз хабарласыңыз деп, хабарласып тұрмыз ал" деді. "Кешірерсіз Салтанат, сіз хабарласуға міндеттісіз. Олай “одолжение” жасамаңыз", дедім. Білмеймін, адамдарда адамгершілік болуы керек. Осындай әрекеттерімен атына кір келтірді. Енді Дәурен ағамызға хабарласып "Ақшасын берейік, басқасын берейік, келісімшарт жасайық" деген секілді хабарласып жатыр екен. Сонда мені аттап кетіп, осындай тірлік жасап жатыр. Білмеймін, легенда, легенда деген сайын... Легендаға сай болу керек қой. Легенда – үлкен мағына, үлкен ат. Мен сіздерді түсінбедім. Сіздер қалай ойлайсыздар? "О махаббат, ғажапсың" деген әнім осындай болып жатыр", – дейді әнші.