«Диагнозды ашып айта алмаймын»: Жұлдыз Әбдікәрімова ауруханадағы жағдайымен бөлісті

Oinet.kz 28-06-2024 2647

Танымал актриса, киножұлдыз Жұлдыз Әбдікәрімова ауруханадағы жағдайын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

Өнер иесі жағдайы бірқалыпты, ешқандай ота қажет емес екенін айтады. 

“Ал өз жағдайымды айтсам, шүкір, тәуірмін. Бірқалыпты. Кешкісін мені осындай палатаға алып келді, бұл басқа блокта орналасқан. Мына тоқтардың барлығын қазір менің басыма орнатады. Осы тоқтармен ұйықтауым керек. Тоқтар арқылы түні бойы мидың қалай жұмыс істейтінін анықтайды екен. Соңғы тексерістерден өттім, енді басқа емханалардан алатын ем бар. Бұйыртса, ол да өз уақытымен. Сонымен, уайымдайтын диагноз емес (ашып айта алмаймын).

Бастысы ешқандай ота қажет емес. Екі апта бойы хирургтар ары қарап, бері қарап "сіз бізге мұқтаж емессіз" деді. Ертең үйге ораламын, жұмысқа кірісемін",  деп жазды актриса. 

Айта кетейік, өнер иесі диагнозының таба алмай жатқанын айтқан еді. 

Ем жалғасып жатыр. Бір апта күндізгі стационарда болдым. Нәтиже болмады. Ауруханаға жату туралы шешім қабылданды. Себебін анықтау стадиясындамыз. Кешегі МРТ нәтижесі бойынша нейрохирург дәрігері тағы да терең тексеріс пен талдау жасау керек екенін айтты. Сол себепті ауруханада жатып емделетін болдым", – деді актриса. 

«Мақпалдың орнында басқа әйел болса, Зәкеңнің үйін сатар еді» - Қалдыбек Құрманәлі
«Ашық киінетін қыздар ұнамайды»: Әлішер Кәрімов болашақ жарына талабын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу