«Бірінші өзіңді жөндеп ал»: Жеңіс Ысқақова айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваға шүйлікті

Oinet.kz 17-06-2024 3700

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Ысқақова ADAL Adam Youtube арнасына сұхбат беріп, әйелдердің қоғамдағы орнын талқыла, әлеуметтік желіде ақыл айтып, ақша табатын коуч-психологтарды сынады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_9.jpg

“Біз әйелдің құқығын қорғаймыз деп өзінің әйелдік міндетін атқармайтын әйелдерді қорғап қоюымыз мүмкін. Тағы бір сұхбатымда “Әйел барған жерінің құлы болуы керек” деген сөзіме қаншама адам қарсы шықты. Олар сөз түбірін түсінбей тұр. Менің айтқым келгені, келін барған жерінің тәрбиесінен бастап, тазалығына дейін бойына сіңіруі керек. Отбасы құндылығы – сыйластық. Ер азамат өз міндетін, әйел өз міндетін атқаруы керек. Балаларға кішкентай кезінен тәртіпті, тәрбиені беретін – әйел адам. Отбасы құндылығы – ауызбіршілікте. Әйеліңе балаларымның анасы деп қара. Қазір әйелдерге түрлі ақыл айтқыштар көбейіп кетті. “Өзің үшін өмір сүр” деген ақылды өте көп естиміз. Әйел қалай өзі үшін өмір сүреді? Өмірге бала алып келдің бе, сенің өмірің, сенің жауабың осы балада. Баланың азамат болып өсуі, қыздың ұрпақ тәрбиелейтін ана болып өсуі – әйелдің қолында. Бала-шағаң үйде қарны ашып отырғанда, тапқан-таянғаныңды қалай үстіңе жабыстырасың?! Үстіңе жабыстырған жылтырақ, балаларыңның қарнын тойдыра ма?! Міне, таза топастық!”, – дейді әнші. 

Сонымен қатар, өнер иесі желіде ақыл айтып отыратын коуч-психологтарды да қатаң сынға алды.

“Өткенде бір жігіттің әлеуметтік желіден сөзін көріп қалдым: "Айнұр Тұрсынбаева деген ақын қызымыз бар ғой, ақын ретінде мен оны жақсы сыйлайтынмын, тыңдайтынмын. Сол ақын болып жүре беруі керек еді. Бір келіншек Айнұр Тұрсынбаеваның уағызын сатып алып, соны оқып, 60 мың теңгеге ішкиім сатып алыпты" дейді. Ұлы сөздің ұяты жоқ. Айтқан жігіттің әйелі мектепте мұғалім екен. "Соның ақшасын төлемей қарызға алыпты. Төлей алмай жүр" дейді. Жігіт "Айнұрды тыңдап, қымбат ішкиім кие ала алмайсыңдар, қымбат ішкиімді Айнұр киеді, ондайларыңды қойыңдар" дейді. Ұят қой, кім кімге ақыл үйреткендей қазір?! Біреуге "былай өмір сүр" деп айтудың алдында өзіңнің өміріңе қара. Олардың кеңестерін мен “уағыз” деймін. Ол неге уағыз айтып, әйелдерді жолынан адастырады?! Отырып алып, ешкімнің біреуге ақыл айтуға құқығы жоқ. Бірінші өзіңді жөндеп ал. Бір Айнұр ғана тиісті дүние емес", – дейді мәдениет қайраткері. 

«Мен оны ұрған жоқпын»: Ғабит Бибасыұлы даулы видеоға қатысты өз шындығын айтты (видео)
«Үш ұйықтасам да түсіме кірмепті»: Ақбота Керімбекова "Аппақ гүлдер" әуеніне салған емшіге
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу