«Қызды салмаққа қарап алатындай мал базарда жүрген жоқпыз ғой»: Айшолпанға ағалары ат мінгізді

Oinet.kz 06-06-2024 920

Танымал айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай туған жері Шығыс Қазақстан өңіріне барып, жергілікті ағаларының ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_5.jpg

Айта кетейік, айтыскер ақынның асқазаны сыр беріп, Стамбұл қаласынан ота жасап келген еді. 

“Қазақтың қазақтығы – қанында, мінезінде. Ал адамның адамдығы – жүрегінде. Туған елге сағынышпен келгенде ағалық мейіріммен кең құшағын жайып қарсы алған ағаларыма мың алғыс! Дархан көңілді, жарқын жүзді Арман ағам темір емес, шын тұлпар мінгізді. Күн жылытпас қара тасты көңіл ғана жылытады, сөз өтпеген қатынасты ақ пейіл ғана жақындатады. Ақпақ та, кең пейілдеріңнен айналдым, ағалар!”, – деп жазды өнер иесі. 

Сонымен қатар айтыскер ақын асқазына ота жасағаннан кейін, бірнеше келі салмақ тастағанын айтты. Алайда “арықтағаннан кейін келіншек етіп аламын” деп жазатын жігіттерге үндеу жасады. 

“Анам Айшолпан 60 келі болғанда саған алып беремін деді. Уақытыңыз болса, сөйлесіп көрейік” деген хат алып отырмын. Қызды салмаққа қарап алатындай мал базарда жүрген жоқпыз ғой. Кеше бір жігіттен келген хат. Оқырмандарымның пікірін білейін деп постқа салып отырмын. Өз пікіріңізді жазып қалдырыңыз”, – деп әзілдеді айтыскер ақын. 

Айта кетейік, бұған дейін Депутат Дәулет Мұқаев айтыскер Айшолпан Тілеутайға пәтер сыйлағанын жазған едік. 

«Елдің артын жалағыш, көп адамның дәретхана қағазы»: Тоқтар Серіков қадірсіз әншілер туралы
«Мальдив аралынан үй, қымбат машина керек емес»: Анара Батырхан қоғамның қысымына ұшырайтынын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу