«Қуықтары құмғандай болып»: Айсара өзін жерден алып, жерге салған оқырмандарына жауап берді
Отандық әйгілі киноактриса Дариға Бадықова "бұты салбыраған" шалбар киіп, оқырмандардың сынына қалды. Алайда әртіс сынаған оқырмандарына жауап берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Актриса өзінің Instagram парақшасына жүктеген видеосында, ерекше стилі үшін оқырмандарының сынына қалды:
"Менің балам футболканы бұтына киіп алған ба дейді", "Бұл шлбар емес, бөзден тгілген аталар киетін дамбал", "Ана дамбалдың ішінен памперс киіп, бүлдіріп жүре берсең болатын сияқты ғой", "Құрысын, мына шалбарды кимеңізші. Әжептеуір әйгілі әртіс едіңіз", "Ана шалбарды өртеші құрысын", "Айсара Қылышбекке "ауың салбырап" деп ұрсушы еді", "Ұн жайында қалды, шалбарыңыз хит болып кетті", "Шалбарыңыз өте жаман болып тұр, кимеңізші өтініш", - деп жазды желі қолданушылары.
Елдің сөзіне Бадықова жауап берді.
"Мына султанкамды жұрт: "Не киіп алғансың? Бұты не мынаның?" - деген екен. Әдемі өзгеше. Бұл да стиль. Несі жаман, жабысып тұрмайды. Артық ештеңе көрінбейді. Кей жамбасы үлкен қыздар жабыстырып қазақи қойдың құйрығындай іркілдетіп киіп алады. Одан қала бере жабыстырып көйлек киеді, алмаға түсетін құрт сияқты. Одан қала берді қуықтары құмғандай болып тұрады. Қысқасы, жарасатын киім киген дұрыс", - деді Бадықова.