«Ашық-шашық киініп жүрген қыздан бас тартпа»: Байырбекова ұлына келіні қандай болу керегін айтты

Oinet.kz 05-09-2022 4516

Жазира Байырбекова жалғыз ұлы Қазбекке болашақ келіні мен құда-құдағиларына қояр талабын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_4.jpg

"Ешкімнің ақысын жемеген, пара алмаған, ешкімге қиянат жасамаған, адамдарға жылы сөзбен болса да мейірім, жақсылық жасаған, пейілі кең, тек жақсы ойлап, жақсы сөйлейтін, бала-шағасын адал жолмен асырап отырған еңбекқор жандармен құда-құдағи болғымыз келеді. Өйткені біздің ұрпағымызға құдаларымыздың да іс-әрекеттері әсер етеді", - деді ол.

Байырбекова ер жеткен жалғыз ұлына болашақ жар таңдауда қандай ақыл-кеңес бергенін түсіндірді. 

"Қазбекке: "Денесіне тырысқан, қысқа, ашық-шашық киініп жүрген қызды ұнатып қалсаң киім үшін бас тартпа. Ішкі жан дүниесі дұрыс болса жас қосылған сайын өзі-ақ иманы өсіп жабылады", - деп айттым. Тағы қосарым: Болашақ келініміз атақты адамдардың немесе бай адамдардың немесе қарапайым адамдардың қызы болғаны мен үшін маңызды емес. Жаны таза, пейілі таза, жүрегі таза болғаны маңызды. Алла тағалам сіздерге де, бізге де арманымыздағыдай келін келуін нәсіп етсін. Аумин деп қойыңыздаршы", - деп түсіндірді Байырбекова.

«Сенің қолыңда не ақша, не билік жоқ, не істей аласың маған?!»: Бекболат Тілеухан
«Оны бұғаттап тастадым»: Әсел Асқар ағасы Бүркітпен арақатынасы туралы айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу