«Жабық киіндірген жігіттен айналайын»: Камшат Жолдыбаева тұрмысқа шығуы мүмкін (видео)
Отандық әнші Камшат Жолдыбаева оқырмандары мен тыңдармандарын әсем даусымен ғана емес, еркін образдармен тамсантып жүретін. Алайда, соңғы кездері оның киіну стилі өзгерген сыңайлы. Әншінің бұл өзгерісін қырағы оқырмандары жеке өмірінде орын алып жатқан жағдайларға қатысты болуы мүмкін деп топшылады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Мансабын бірінші орынға қойып, тұрмыс құруға асықпаған Жолдыбаева биыл желіні дүр сілкіндіретін секілді. Желі қолданушыларының болжамынша, актрисаның ақ келін атанар күні алыс емес. Қанша жағымсыз пікір естісе де, оңайлықпен елдің айтқанын тыңдай қоймайтын Кәмшат соңғы кездері жабық киінетін болған. Мұны байқаған көпшілік жаңалықты жақсылыққа жорыды.
"Осы қызды жабық киіндірген жігіттен айналайын. Бастапқы кезде жабық жүретін, ұнайтын. Ашық киінгеннен кейін әні жақсы болса да, түк ұнамай қалды. Қазақ, мұсылман екенін ұмытпасын, Кәмшат", "Дұрыс енді егесі, жолдасы бар. Соның айтқанын істеу керек", "Кәмшаттың жігіті пайда болған сияқты", "Орамал тағатын күнді нәсіп етсін", "Етегің ұзарып кетті ғой. Ол нені білдіреді?", "Әдемі жарасып тұр , ұзын етек киіп-ақ ерекше сұлу болуға болады, қарапайымдылығың жарасады, осылай жүрші" - деп таңданды желі қолданушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram