«Халық жек көріп кетпесе екен»: Жігер Ауыпбаев іштегі қорқынышмен бөлісті

Oinet.kz 15-08-2022 981

Отандық әнші Жігер Ауыпбаев алғаш рет фильмге түсіп, өзін актер ретінде сынап көрді. Алайда алғашқы образы жағымсыз рөл ойнауға мәжбүрледі, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_3.jpg

Жігер Ауыпбаев отандық "Бақыттың кілті" телехикаясына түсті. Аталған картинадағы серігі - Ақбота-Нұр Сейтмағамбет. Өзін алғаш рет актер ретінде сынап көрген Жігер көрермендерге өтінішін білдірді. 

"Халық жек көріп кетпесе екен. Жағымсыз кейіпкерді сомдаймын. Ол да керек болды. Кино әлеміндегі алғашқы қадамдарымның бірі. 

Еліміздің басты арналарының бірінен көрсетілетін телехикая болғандықтан, оған шақырту алудың өзі мен үшін үлкен мәртебе болды. Сондықтан берілген рөлге ешқандай қарсылық танытпай, келісе кеттім", - деді ол "Қазақстан" Ұлттық арнасының "Таңшолпан" бағдарламасына берген сұхбатында.


«Жаназа емес той ғой»: Үйлену тойында ортаға азан даусымен шыққан жастар сынға қалды (видео)
«Намазхан болса, қайтейін»: Қайрат Әділгерейдің сөзі қызу талқыға түсті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу