«Сыртымнан пыш-пыштаған әңгімелерін еститінмін»: Жұлдыз Абдукаримова

Oinet.kz 04-07-2022 2129

Отандық әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Абдукаримова 10 жыл үйде бала тәрбиесімен айналысып, 2017 жылы алғаш киноға түскен болатын. Жұлдыз сол кезде мамандығы актриса болса да, өзін мойындамағандардың болғанын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_6.jpg

"10 жылдан кейін менің екінші өмірім басталды десем де болады. Анамның (ене) идеясымен халықтың алдына жай шықпай, фильммен презентация жасауды шештік. Оның үстіне "атамның он жылдан кейін шығуыңа рұқсат берем" деген сөзі бар еді. Сонымен он жыл да өтіп, менің ел алдына шығар сәтім туды", - деді Жұлдыз.

Алайда, айтуынша, түсірілім алаңындағы топ оны қуана қарсы алмаған. 

"Бетіме күліп қарағанымен, сыртымнан пыш-пыштаған әңгімелерін еститінмін. Бірде текстіме дайындалып отырсам, менің барымды байқамаса керек: "Әрине, мен де әншінің әйелі болсам, актриса болмасам да басты рөлде ойнайтын едім. Ешкімге ештеңе демедім. Тек өзіме "Барыңды салып, ойнап шығасың. Сөзбен емес, іспен дәлелдейсің. Егер ісіңмен дәлелдей алмасаң, қанша жерден әншінің әйелі болсаң да, бұл рөлді расымен алып шығатын актрисаға бересің" дегем. 

Мұның бәрін "Қараңдар, мен осындай кереметпін" деу үшін айтып отырғаным жоқ. 10 жыл маған сөйлемей-ақ үндеуді, сабырлы болуды үйретті. Мен баяғы 16 жасар Жұлдыз емес едім. Нені қалайтынымды және қалай жететінімді нақты білдім. Мақсатқа жету үшін - сөз кедергі жасаса, іс көмектесетінін түсіндім", - дейді.

Нұртас Адамбай гомосексуал кейіпкерлері бар мультфильмге Қазақстанда тыйым салынғанын талап етті
«Кепілдік береміз»: Шымкенттіктер 91 тобының концерті үшін әкімге шабуыл жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу