Тұрсынбек Қабатовтың әйелін оқырмандары орнына қойды

Oinet.kz 21-06-2022 2744

Әлеуметтік желідегі әр қадамын желіге жүктейтін Қабатовтың келіншегі осы жолы қара шаңырақта жүрген сәтін көпшілікке көрсеткен. Бірақ Мөлдір Мұқанованың бұл әрекеті тағы да халықтың ашуын тудырған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі "Экспресс К" сайтына сілтеме тастап.

Screenshot_9.jpg

Биыл Тұрсынбек Қабатов жазғы демалысты туған жерінде өткізуді қаласа керек, ол күні кеше отбасымен Орал қаласына барды. Бұрындары тек елордадағы өмірін жарқыратып көрсететін әзілкештің әйелі енді қара шаңырақта атқарған келіндік қызметін Instagram-ға салған. Желідегі видеоға зер салсақ, Мөлдір асүйде тағам дайындап жүр. Бірақ бұл шаңырақта енесі тізгінді ешкімге бермейтінін астарлы әзілмен ашып айтқан.

"Қазір тез-тез жасаймын. Ойбай, бұл жақтағы асүйде қатты еркіндік жоқ. Енем қасымда жүреді. Музыка қосып, құтырып жүру деген жоқ. Солай ма, мама?",- деді Тұрсынбектің әйелі.

Мөлдірдің бұл сөзін Қабатовтың анасы да "иә" деп растағандай сыңай танытты. Бірақ ене мен келін арасындағы әңгімені естіген ел Тұрсынбектің келіншегін оңдырмай сынап жатыр.

"Мөлдір, күлкің, дауысың неткен жаман еді. Ер адам сияқты не болды? Әйел адамға лайық түсірсеңші", "Құрып кет, қуғынбай. Құтырып жүргенің көрініп тұр. Неткен жиіркеніштісің. Келінмін деп қояды. Осылай тырқылдап күлсең қайын енеңе қиын екен",- деп жазды желідегі жұрт.

Screenshot_10.jpg

Балтабек Нұрғалиевтің қолқасын президент ести ме екен?: "Ұлы ақын" Тоқаевқа өлең арнады
Камшат Жолдыбаева әкесімен жасты адаммен "ұятсыз" би биледі (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу