Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков тамақ жасап елді тәнті етті (видео)
Гүлзира Айдарбекова ұлымен бірге гастрольдік сапарларда жүрген уақытта, жұбайы Нұртас Айдарбеков бар уақытын немере тәрбиесіне арнауда. Қолы қалт етсе, қолына домбырасын алып, бүлдіршіндерге ән-жырдан шашу шашатын әдетін Instagram қолданушылары жақсы біледі. Бұл жолы хитмен Қайрат Нұртастың әкесі өзге қырымен көпшілікті таңғалдырды. Ол жұбайына арнап ас әзірледі, деп жазады Oinet.kz ақпарат агенттігі.
Қайын атасының аспаздық өнерін ортаншы келіні Әйгерім өзінің инстаграм парақшасында жариялады. Ол Нұртас Айдарбековтың "сірне" асын даярлап жатқанын айтады.
"Мама келеді деп, папа өзі тамақты дайындаймын деді. Негізі келін болып түскенде анамыз фильм түсіріп, көбінесе Алматыда жүрген, содан тамақ дайындауға атамыз @aidarbekov_nurtas үйреткен болатын. Осы күнге дейін анда-санда осындай мастер класс көрсетеді", - деп бөлісті Әйгерім Саркенова.
Желі қолданушылары Айдарбековтың бұл қылығына тәнті болып, таңғалды.
"Осындай атадан айналасың ғой, шіркін. Аман болсын", "Жақсы ата, көңілді отбасы", "Қайын аталар жасасын", "Атаңыз керемет. Бізге де сабырлы ата, салиқалы ене болуды нәсіп етсін", - деп тілек білдірді оқырмандар.