Белгілі блогер Әйгерім Абдуллаева (aii_officiial) тұрмысқа шығады

Oinet.kz 16-06-2022 1177

Қазақстандық танымал блогер Әйгерім Абдуллаева жақында тұрмысқа шықпақ. Желі жұлдызының сүйіктісі оған ерекше жерде үйленуге ұсыныс жасаған. Ол өз кезегінде ғашығына өз келісімін берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Screenshot_8.jpg

"Aiі" лақап атымен көпке танымал блогер жеке өміріндегі жаңалығын Instagram парақшасында бөлісті. Шетелде сүйіктісімен бірге демалып жатқан Әйгерім ерекше фотосессия жасауды шешкен. Алайда ғашығының жоспары мүлдем басқа болып шықты. Ол түсірілім аяқталған бойда аруына үйленуге ұсыныс жасап, сақинасын тарту еткен. Желі жұлдызы көп ойланбастан жігітіне "иә" деп жауап берді. Әйгерім Абдуллаеваның таңдауы Әділ есімді әнші жігітке түскен. Айта кетерлігі, ол Raim-мен бірге бір продюсерлік орталықта жұмыс істейді. Блогер ару ғашығы өзіне ұсыныс жасайтынын мүлдем күтпегенін айтты. Ал Әділ болса сақинасын бір апта бұрын дайындап қойған.

Желі қолданушылары қос ғашықты құттықтап, оларға бақыт тілеуде.  "Бұл күтпеген жағдай болды ғой. Бақытты болыңдар. Әділ өте мықты жігіт екен", "Жарайсыңдар. Сендер үшін қуаныштымыз", "Керемет үлгілі отбасы болуларыңа тілектеспіз", "Мен пранк деп ойлап қалдым. Махаббаттарың баянды болсын", "Өте жарасымды жұп", - деп жазуда оқырмандар.

"Асылып өлмек болдым, әкем қорадан ит сияқты сүйреп шықты": 2Rar
Қайрат Нұртас анасымен вальс билеп жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу