Димаш Құдайберген соғысқа қатысты маңызды үндеу жасады

Oinet.kz 01-03-2022 915

Screenshot_4.png

OINET.KZ- Әлемге танымал қазақ әншісі, ғажап дауыс иесі Димаш Құдайберген Ресей мен Украина арасындағы соғысқа қатысты өз ойын жеткізді.  Ол Instagram парақшасында әсерлі жазба қалдырды. 

"Әр әйел мен әр ер сәби сүйіп, ұл мен қыз өсіргісі келеді. Әр адамның асқақ армандары мен өмірде мақсаттары болады. Әр адам өмір сүруге, өзінің бақытын құруға құқылы. Әлемді мейірімділік, өзара сыйластық пен махаббат құтқарады. Адам өмірінен құнды ештеңе жоқ! Қантөгісті тоқтатыңыздар! Соғысқа жол жоқ!" , - деген өнер иесі осылайша бұл жағдайдың тез арада шешімін тапқанын қалайтындарын білдірді. 

Саят Медеуов жол апатына түсті
Саят Медеуовке екі ота жасалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу