Алтынай Жорабаева билікті тағы да сынға алды (фото)
Танымал әнші Алтынай Жорабаева 26 тамыз күні Жамбыл облысында орын алған жарылыс туралы өз пікірін білдірді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
- Жоқ, мен мынаны түсінбеймін. Неге Елді мекенге жақын жерге оқ-дәрі сақтайтын қойманы салады екен? Осы сұрақ сіздерге де туындады ма?
Кеңес үкіметінен келе жатқан қойма деп сылтау айтпаған дұрыс!
Тәуелсіздігімізге 30 жыл !
Арыстағы жағдайдан кейін , мына жақты алдын алу керек емес пе еді?
Неге салғырт қарайды?
Қайтыс болған әскерилердің отбасына қайғырып көңіл айтамын. Шығындалған отбасына Алла сабыр берсін! - деп жазды әнші.