Мақпал Жүнісованы сахнадан кетіре алмай жүргендер кімдер? (видео)
Танымал әнші Мақпал Жүнісова мен оқырмандарының арасында ашық айқас басталды. Әнші оқырмандары сахнаны босатып, зейнетке кететін жасыңыз келді деген сынды пікірлерді көп жазатынын жеткізді. Бұл туралы ол НТК арнасындағы Ревью бағдарламасында айтты. Ал, видео qaz.stars Instagram парақшасында жарияланды.
- Біреулер айтады сіз енді модный әнші емессіз неменеге жүрсіз. Жастар сияқты современный ән айтпайсыз ба деп жазғандар да болды. Мен енді қазіргі жастардың әрекетін жасамаймын ғой. Пенсияға ертеререк кетпейсіз ба? Жастарға орын бермейсіз бе деп жазады. Мен біреудің аяғын тартып жатырмын ба? Менен үлкен апаларым жүр ғой. Бәрімізді о дүниеге жіберіп жіберуге асығып отыр ма біреулер. Керісінше біздің жүргенімізге тәубе десін - деді әнші.
Мақпал Жүнісованың кейбір оқырмандарына деген ренішінен толы сөздеріне желі қолданушылары жылы лебіздерін білдіріп, әншіге алғыстарын айтты.
- "Мақпал арамыздан жасай берсін әдемі пәндерін шырқай берсін. Мақпал апамыздай әншілер көп болсын", "Мақпал Жүнісовадай болып алсын, сосын кет деп айтсын. Мақпал апай керемет әнші ешкім тең келмейді", "Керемет жан Макпал әпкем", "Қазақтың ерке қызы тек қана алға!", "Мақпал апай сізді өте жақсы көреміз. Сахнада әлі 50 жыл жүрсеңізде жарасады. Көре алмағандар айта береді", "Мақпал апай ескінің көздері. Жастар не бітіріпті өтірік ән айтқаннан басқа", "100 жасаңыз Мақпал апай", "Мақпал апа жүз жасаңыз. Халық тілекші" - деп жазды олар.