«Тастап кете алмайды» - Жұлдыз Абдукаримова (фото)
Танымал актриса Жұлдыз Абдукаримова Нұр-Сұлтан қаласын ерекше жақсы көретіндігін айтып өтті. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
- Оның "мінезі" бөтен адамдарға ұнай бермейді. Тек жақсы танып, жақын араласқан жандар ғана шынайы бейнесін біледі. Ессіз ғашық болады. Таныған сайын, тастап кете алмайды. Кім туралы дейсіз бе?! 3 ай қысына шыдасаң, төртіншісін сыйлыққа беретін Елорданы айтамын. "Бізде көктем" деп енді "смело" айта аламыз. А, әлде көктем араласқан жаз ба? Кім не десе де, бұл қаланың қысына дейін жақсы көремін - деді Жұлдыз Абдукаримова.
Қайрат Нұртастың жарының жазбасына желі қолданушылары түрліше пікір білдіруде.
- "Суық қала,адамдары да суық жүзді. Барсам,басым ауырады. Жанталас,әбігер, арызқой, даугер халық шоғыры. Ұнамайды. Алматы мың есе артық", "Елордаға қыдырып барып,қатты ұнаттым. Көшкім келет,жолдасым келіспит. А так ауа-райыың Өскеменнен еш айырмашылығын байқамадым. Көшіп барсам, ол жағынан қиындық болмас", "Астананың бораны қандай. Қары менен мұзы балдай деп жасап жатырмыз. Аллаға шүкір!", "Алматыма жетпейді, өтірік айтпай-ақ қояйын. Астана маған ұнамады", "Маған да, қанша қысы қаһарлы болса да, өте қатты ұнайды осы қала", "Келісемін, мен 7 жыл тұрсам да тоңбаппын, қазір Алматыдамыз", "Әрине 20 жылда салынған бас қаламыздың,каһарлы қысын,айта бергенше, әдемі келбетін айтпасқа, сіз сияқты әдемі" - деп жазды олар.