Әбдіжаппар Әлқожа баспаналы болды (фото, видео)

Oinet.kz 06-04-2021 2639

Отандық шоу-бизнес өкілі Әбдіжаппар Әлқожа 13 жыл дегенде өз баспанасына қол жеткізді. Алматы қаласынан жаңа үй алған ол, қуанышымен Instagram парақшасы арқылы бөлісті. 

Әбдіжаппар Әлқожа.jpg

- Сүйінші ағайын!!! Алматыға келгеніме 13-жыл болыпты. Осы жылдар арасында еткен кішкене ғана еңбек, маңдай терімізге Алла нығметін төгіп үйлі болуды нәсіп еткен екен. Әлхамдулиллях! Бүгін сол үйімізге кіріп. Ата-аналарымызды, аға-жеңгелерімізді шақырып, құран оқытып, батасын алып, әулет, бауыр, дос- жаранның қуанышын жүзінен көрдік. Біз үшін қуана білетін аға жеңге ата анамыз аман болсын. Өз үйімде тұрғаныма бір күн болды! 13-жыл квартирада тұрғанымды ұмытып кеттімғой. Алла қуанышымызды сіздерге жұғысты етсін тілекші қауым. Айтар болсам жазарым көп! Ең бастысы еліміз, сіздер аман болыңыздар! Әке-анама алғыс! Мәпелеп, тәрбиелеп жетілдірген - деп жазды Әбдіжаппар Әлқожа.

Әншінің жағымды жаңалығын естіген инстажұртшылық оны жарыса құттықтауда.

- "Алла берекелі қоныс қылсын! Құтты болсын, туысқан", "Құтты болсын! Үйіңде тек қуаныш той болып, бақ-берекең таси берсін!", "Жаным Туысқан , шаңырағың шаттыққа толып , шуақты күндерден көңілдерің шалқысын!", "Құтты болсын аққұрдасым! Бақ берекелі шаңырақ болсын!", "Еееее міне Әбджик досым үй алып қуанып жатырмыз. Алла береке берсін, досым! МашАллаҺ", "Маша Аллах бауырым! Шаңырағында тек қуаныш болғай", "Ма ша Аллах! Құтты болсын! Шаңырағыңыз ырыс-берекеге толып,Алланың нұры жаусын!", "Құтты болсын. Менің де балаларыма жұғысты болсын" - деп жазды желі қолданушылары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от

Жұлдыз Абдукаримова жар болатын жан іздеуде (фото)
Нұрболат Абдуллин марқұм әкесіне жазба арнап, көпшілікті жылатты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу