Жанар Айжанова Бекболат Тілеухан екеуін байланыстыратын құпия туралы айтты (видео)

Oinet.kz 10-03-2021 3751

Белгілі қоғам қайраткері Бекболат Тілеуханның анасы әнші Жанар Айжанованы өзіне келін етуді қатты армандаған екен. Бұл туралы әнші  "Еуразия бірінші" арнасындағы "Ең алғашқы" бағдарламасында айтып берді.

Жанар мен Бекболат.jpg

Жанар Айжанова Бекболат Тілеухан екеуінің достығы туралы жан сырын ақтарып, көпшілік білмейтін жайтты айтып қойды. Белгілі болғандай, қоғам қайраткерінің анасы өнер иесін келін етуді қалаған. Алайда, ол кісінің арманы орындалмады.

- Бекболат екеуіміз дос болдық, қатар шықтық. Бекболат – нағыз азамат, өнерін жақсы көремін. Мамасы мен қатты жақсы көргені соншалықты оңашада жылап та айтатын "Арманым – сені Бекболатқа алып берсем" дейтін. Алайда Бекболат екеуіміз достықтан аспадық, - деп өткенді еске алды Жанар Айжанова. 

«Қазақта екінші, үшінші әйел болуға дайын қыздар көп» - Досымжан Таңатаров (видео)
«Ардан безген азғындар» - Қарақат Әбілдина (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу