«Фонограмма ол халықты алдау деп есептеймін» - Динара Сұлтан
Отандық танымал әнші Динара Сұлтан фонограмма туралы заңға қатысты өз ойын білдірді. Бұл туралы ол Ревю бағдарламасындағы сұхбатында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
- Мен фонограмманы алып тастауға бағытталған заңды толықтай қолдаймын. Өйткені, фонограмма ол халықты алдау деп есептеймін. Сенің өнеріңді тамашалауға келген халыққа фонограммамен айтып тұрмын деудің өзі ұят нәрсе. Фонограмманы тек телевизиялық түсірілімдерде, дыбыс жетпей қалатын жобаларда ғана қолдану керек, деді Динара Сұлтан.
Айта кетейік, фонограмма туралы заң отандық жұлдыздар арасында қызу талқыға түскен болатын.
Эстрада өкілдері бұған дейін фонограммаға тыйым салатын жаңа заңға қатысты қандай пікірде екендерін ашық айтқан. Кейбір әншілер өнерді заң жүзінде қадағалауға қарсылығын ашық білдірсе, кейбірі онда тұрған ештеңе жоқ деген ой түйді. Сонымен қатар фонограммамен қоса, енді концертте сахна мәдениеті туралы ұмытқан әртістерге айыпбұл салынады. Кеште мас күйінде ән айтқандар, балағат сөйлегендер заң алдында жауапқа тартылмақ.