Артур Төлепов Алматы қаласындағы аудан әкімінің кеңесшісі болды

Oinet.kz 17-02-2021 920

Отандық танымал актер Артур Төлепов Алматы қаласы, Алатау ауданы әкімінің  кеңесшісі болып тағайындалды. Актер бұл жаңалықпен өз Instagram парақшасында бөлісіп, халықтан қолдау сұрады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

WhatsApp Image 2021-02-17 at 13.20.24.jpeg

- Иә, достар! Солай болып жатыр. Алланың қалауымен, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалдым. Маған сенім білдірген аудан әкімі Қалдыбеков Азамат Бескімпірұлына рақмет! Дүниедегі ең оңай жұмыс - кеңес беру ақыл айту. Ең қиыны - біреуге айтқан кеңесің мен ақылыңды өзің жасау. Сондықтан, жап - жас басымызбен кеңседе кеңес беріп отырмай, елдік жұмыстарға тікелей араласқан жөн болар деп ойлап, Алатау ауданындағы "Adaldyq alany" жобалық кеңсесінің жұмыстарын да мойынымызға алып жатырмыз, дейді Артур Төлепов желідегі жазбасында.

Димаштың қарындасын еркелеткен суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Қайрат Әділгерейдің жарымен түскен суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу