«Әттеген-ай деп қалатын кезім көп» - Қарақат Әбілдина

Oinet.kz 12-02-2021 1760

Қазақстандық белгілі әнші Қарақат Әбілдина Түркияға көшіп келуді қалайтын қазақтардың қарасы көп екенін айтты. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

Каракат.jpg

- Арда халқым армысыз,

Аман-есен бармысыз?!

Деп сіздермен өлеңдетіп амандасқым келді ғой

Мына жаққа келгелі 100 күнге жуық уақыт болған екен, тәртібіне байланысты телефоным жабылып, 2-3 күн байланысқа шыға алмадым.

Жүз күн демекші, былай қарасаң аз уақыт емес, көп те емес. Бірақ та осы уақыт арасында көріп тамсанғаным да, біліп таңғалғаным да көп болды. Соның бірі: мен айтайын айтпайын, шетел асып осында келіп жатқан ел көп. Ол елдің ішінде қазақ көп. Ал келіп жатқан көп қазақтың ішінде алаяқтыққа бейім, аузын арандай ашқан агенттіктерге алданып жатқаны тіпті көп.

Өз басым, қолдан келсе теңіздің тап жанынан 1 бөлме, 1 терезе болса да баспана алып қойып, тіршіліктің қым-қуыт тірлігінен шаршағанда бала-шағаңмен келіп, демалып, ес жиып кетуге қай қазақ болса да әбден лайық деп білемін.

Тек осы тұста маңдай термен тапқан қаржыны сусылдап су жұқтырмайтын риелторлар сыпсыңдап тура сыпырып алуға бар. Ақкөңіл, аңғал халық “әәә жөні осы екен ғой” деп екі есе төлегенін де білмей қалар жайы көп.

“Осындайды осынау жерден осыншаға алып едім. Ал негізінде мынаншаға да алуға болады екен. Білмедім, алдандым” дегенді көп естіп, әттеген-ааай деп қалатын кезім көп. Жөн сұраған, жол сұраған директідегі көп хатқа шама-шарқым келген жауап қатып, кеңес беріп те жатамын.

Енді мұның бәрі қағаз, заң жүзінде сапалы да сенімді болуы үшін жақсы бір компаниямен келісімшарт жасасып та қойдым. Алдағы уақытта Астана мен Алматыда үлкееен форум өткізіп, офистарын да ашатын жоспарларын көрсетті.

Менсіз де мұнда келіп-кетіп жатқан қалың қазаққа өзім көріп көз жеткізген, адал, әділ, сенімді екеніне секемденбейтін, сұрағанын екі-үш есе бағасына сатпайтын, жүзінде иманы, аузында Алласы бар адамдар тап келсе екен деген ниет ең басы.

Сөз қадірін, ой төркінін түсінер саналы жан мұндағы ақ ниетті дөп түсінер деп ойлаймын - деп жазды әнші.

Қарақат Әбілдинаның жазбасына желі қолданушылары түрліше пікірлерін қалдыруда. 

- "Шіркін-ай шетел түгілі өз Қазақстанымызды аралай да алмаймыз. Сіз көрсетіп жүрген табиғатқа тамсанып армандаумен өтетін шығармыз. Бәлки кім біледі арманғой!", "Негізі Аланьяға тек демалу үшін барып тұрмасаң, жұмыс жоқ. Тек саяхаттауға деп айтып жатыр. Барып үй алып ап өкініп отырмаңыздар. Онда өмір сүруге Стамбул жақсы дейді. Бар жағдай сол жерде ғана екен", "Түркияда тұрғылықты көшу үшін, нақтылы бизнесің болмаса орнықты жұмысың болмаса, әйтпесе далбаса! Сондықтан да дұрыс ақпарат таратқан жөн!", "Аллах мағанда адал еңбек адал ақшамен терезесі теңізге қараған бөлмелері кең заманауи үлгідегі салынған үйден 2бөлмелі 65квадратуралы үйді бұйыртсыншы. Кілең қазақтармен көрші болайықшы Турцияда да", "Туған жерімдегі Арыс жағасында дем алғанға не жетсін", "Рахмет Қарақат сіңілім, Алла өздеріңе де жар болсын, ниетіңіз түзу, кім не Десе де көңіліңіз түспесін, рақмет" - дейді желі қолданушылары. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚАРАҚАТ (@karakat_a)

Оранып алған Жанар Дугалова қызу талқыға түсті
«Күйзеліске түстім» - Гаухар Әлімбекова
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу