Ермахан Ибраимов қаза болған ұлы туралы айтты (видео)
Белгілі боксшы Ермахан Ибраимов екі жарым жасар ұлынан қапыда айырылып қалғандығын жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл туралы ол ASSYLTAS TV ютуб арнасына берген сұхбатында айтты.
- Біз бассейнге үйренбегенбіз ғой. Сол сәтте бассейнге жүгіріп кеткен. Түсіп кеткен. Бес минут қараусыз қалған бала бассейнге түсіп кетіп тұншығып қалған. Екі жарым жаста еді. Ол баланы шығарып алып докторлар бар жүрегін істетіп алдық. Жүрегі істеп тұрды. Бірақ, миы оянбады. Біз арнайы ұшақпен Дубайдан Астанаға алдыртып, Серік Ақшолақов нейрохирург ағамызға көрсеттік. Бәріне, дүниежүзінде қандай емдейтін нәрселер бар бәрін де қарастырдық. Бірақ шынына келген кезде тек бір Алланың ғана қолында болды баланың өмірі. Сондай болды. Бізге Алла сондай қатты сынақ жіберді. Ол сынақты күтіп алдық, қарсы алдық. Өзіміздің басымыздан өткердік. Өте қиын болды әрине. Мен үшін, жұбайым үшін өте қиын болды. Ол сынақтан өттік. Биыл кішкентай нәресте дүниеге келді - дейді Ермахан Ибраимов.