«Айтсам ба, айтпасам ба деп көп ойландым!?» - Қарақат Әбілдина
Отандық танымал әнші Қарақат Әбілдина отбасындағы бала тәрбиесі туралы мәселе көтерді. Қазіргі жеткіншіктердің заманы қиын болып тұр дейді әнші өз сөзінде. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
- Айтсам ба, айтсам ба деп көп ойладым. Анығында бұл бір менің емес, бала өсіріп отырған көп ата-анада бар мәселе. Айтайын. Қалай бар, солай жеткізіп көрейін дедім. Кеше кешкісін Имашым, жанталасып телефонда бірдеңені жазып жатыр, жазып жатыр. Өзі тура бір ашуланып отыр. Бір уақытта сұрадым:
- Әй балам, бас көтермей не жазып жатырсың, кімге?!
- Мынаны қараңызшы анашым, мына жерде комментарийде жазады “ ұлдар мен ұлдар, қыздар мен қыздар... Можно” - дейді. - Мен оған түсіндіріп жатырмын, қазақтарға, мұсылмандарда ондай болмайды, запрещено деп. Ал ол : это права каждого человека, все люди равны перед законом и имеют право деп жазып жатыр,- дееееп ұлым менен сұрайды:
- Болмайды ғой анашым, дұрыс емес, солай ғой?
Мен қапелімде не айтарымды білмей кібіртіктеп қалдым алғашқыда. Содан барып:
- Иә балам, Алла бетін әрі қылсын ондай сұмдықтың. Ол тіпті талқыланатындай тақырып емес. Мұссылмандыққа тіптен де жат нәрсе, - деп әңгімеміз аяқталды.
Енді сол кешелі бері ойымда осы диалог.
Әлеуметтік желіде 12-13 жасар жеткіншектер талқылап жүрген тақырыптың түрін қараңыз. Онсызда баланың тәрбиесі қыл үстінде тұрған бұл уақытта шеттен келген мына заңның кесірі-ай. “Гендерное равноправие” дей ме, “жынысын ауыстыруға құқылы”, “10 жастан бастапқы барша қыз-балаға жыныстық тәрбие” дей ме... Құлаққа қонғысыз.
Тіліміз ол кетті тізгінсіз. Ендігі тіпті уыстан шықты. Интернетте бәрі жатыр ашықтан ашық. Біз айтпай-ақ бәрін біліп тұр олар. Одан да сол интернеттегі ұсқынсыз масқараның бәрінің көзін жойып, қолжетімсіз етіп қойса дейсің. Қиын бір шақ болып тұр. Бұл уақытта айналып келгенде тағы да өзімізге мықты болу керек. Ата-анадан көрген тәлім-тәрбиені ұқтырып, салт-дәстүрді үйретіп өсіргіміз келеді ғой. Ал баланың ортасы, айналасы, бұлардың өй-өрісі, сана-сезімі тіпті басқа. Қазіргі балалар кезінде біз сыйған шаблонға сыймайды. Бұл балалар бөлек. Тек абайлап, амалдап қана, жақсыны жеткізіп, жаманды айырып үйретуге тырысамыз. Алла әрнерсенің де қайырын берсін! - деді Қарақат Әбілдина.
Әнші ұсынған отбасыдағы тәрбие, баланың болашағы туралы мәселе желі қолданушылары арасында да қызу талқыға түсті.
- "You tube қа шектеу қою керек. Балалардың тәрбиесіне қатты әсер етіп жатқан осы you tube пен tik tok. Өкімет сол екеуіне шектеу қойып, тек ақылы етіп қоюды талап ету керек. Менің жеке ойым", "Ия қиын болып тұр бұл заң деген, өзіңіз де арасында әніңізді айтып тұрыңызшы сағындық", "Тек мұсылмандарда ғана емес жалпы адамзатта жат нәрсе. Барлық діндер қарсы бұған", "Бәрімізді алаңдатып отыр осы жағдай. Тұншығып кетуге болады осыларды ойласаң. Қайда кетіп барамыз? Быр данышпан айтыпты... "Если хочешь уничтожить нацию: лиши этот народ языка, разврати его молодое поколение" Бұл біреулердің мақсаты ма, саясаты ма?", "Менің қыздарым да осы жаста. Қайдан естігенін қайдам? естіпті. Сұрады менен. Әдетте тыйып тастадым. Кейін қайталап тағы сұрады. Сосын асықпай ол мүлдем мүмкін емес екенін шариғат жолымен де, медицина жолымен де түсіндірдім. Тіпті саясатты арасында айтып салдым. Түсінді. Содан кейін қайта сұрамады. Негізі қыздарыммен ашық сөйлесе беремін", "Өте орынды айтасыз. Қазір бала тәрбиесі қыл үстінде тұрған шақ", "Сәлеметсіздер ме! Тіпті не деріңді, не ойларыңды білмейді екенсің ия. Қазағымның ұрпағы үшін шын алаңдаймын. Өсіріп отырған ұл- қыздарымыз қандай заманға тап болар екен деп... Біздің мемлекетте менталитетімізге жат дүниелерді енгізуге дайын тұрады әйтөу. Шел елдерге еліктейміз деп жүріп, өзіміздің ұлттық құндылықтарымыздан жұрдай боларымыз ықтимал" - дейді желі қолданушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram