«Заманбекті сатып кеткен сатқын» - Мақпал Жүнісова көпшілікке жауабын берді (видео)

Oinet.kz 13-01-2021 2329

Отандық танымал әнші Мақпал Жүнісова өзін "Заманбекті сатып кеттің" деп кінәлаған қалың көпшілікке ренішін білдірді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Мақпал Жүнісова.jpg

- Қазір енді мені қаралаған, маған қара жаққысы келетін, Зәкеңді сатып кеткен сатқын деп бүкіл интернетті шулатып жатқан, өзіміздің қазақ ағайындарға Мұқағалидың өлеңімен жеткізгім келеді. Әркімге бір жабыстырып Қытайға байға шығып кеткендей болдық қой. Осы елге қызмет етіп жүргенімізге, Отанымыз деп жырлап жүргенімізге 40 жыл болыпты. Аллаға шүкір деймін жалпы. Сондықтан да, әркімнің өз таңдауы болады. Менің қызым да бүгін өз таңдауын жасады. Бірінші рет сайлауға барды. Мені қалай қараласаңдар да, сіздерде ютубқа салу деген, адамды мазақ қылу деген, қаралау деген түкке тұрмайтын болды ғой. Аллаға тапсырдым сіздерді. Өзімнің арым таза екенін білемін. Зәкеңнің шаңырағын түтетіп отырғаныма 15 жыл болды. Қызымды өсірдім Аллаға шүкір! Ешкімге қолымды жайған жоқпын - деді Мақпал Жүнісова. 

Ал, желі қолданушылары көпшілікке ренжіген әншіге қолдауларын білдіруде.

- "Ризамыз сізге. Қандай жағдайда да адам болып қаласыз. Өте шыдамдысыз. Алла Мерейіңіздің қызыгын көруге жазсын", "Алла күш қуат берсін сізге. Қызыңыздың қызығын көріңіз. Өмір жасыңыз ұзақ болсын", "Ия,дұрыс бұл өмір шыдамдыны ұнатады... Сіз дәлелдедіңіз. Түсінбейтіндерге", "Маке жаным Алланың көзі түзу болсын. Алтын жүректі әпкем менің. Жақсы адамның артынан сөз ереді демекші, ешқандай жаман сөзге мән берменіз. Біз сізді қатты жақсы көреміз", "Еріксіз көзге жас келді, Мақпал әпке мұңаймаңыз,жүз жасаңыз!" - деді желі қолданушылары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Димаш Құдайберген әйелінің қандай болу керектігін айтты
Гүлнұр Оразымбетованың отбасымен түскен суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу