Жанар Айжанова «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды (фото)
Қазақстандық танымал әнші Жанар Айжанова “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” марапатын иеленді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
- Кешеден бері толассыз тілектер, баталар телефоныма ағылып келіп жатыр. Баршаңызға, ағайын-туыс, дос-жаран, әріптес өнерде жүрген бауырларым, кластастар, ауылдастарым шалқарлықтар сіздерге алғысым шексіз. Мен үшін бұл үлкен мәртебе және жауапкершілік деп білемін. Ұзын адамның құлағаны ыңғайсыз демекші, осындай “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” деген марапаттан соң, бұрынғыдан да қатты ізденіп, атыңа затың сай болып жүруге тиістісің деп білемін. Құдай қаласа алдарыңызда талай шығармашылық кештерімізді өткізіп, құлақ құрышын қандырамыз деп сенемін. Ең бастысы еліміз аман, жұртымыз тыныш, молшылық болсын. Көңіл орта болмаса ән де, сән де болады. Осыншама құттықтаудан кейін қуаныштан жүрегім кеудеме симай, бір рахат сезімде отырмын. Алла разы болсын сіздерге - деді Жанар Айжанова.
Ал, желі қолданушылары әншіні марапатымен жарыса құттықтауда.
- "Ура Жанар ханымға айтеуір бердіғо.баяғыда лайық адамсыз сіз. Құтты болсын! Жасасын батыстың қыздары", "Ол марапатқа әбден лайықсыз. Құтты болсын!", "Құтты болсын! Әрине оданда жоғары атаққа лайықтысыз", "Құтты болсын, қуанышыңыз ұзағынан болсын, еңбегіңіздің жемісін көріңіз, марапаттан марапатқа жете беріңіз, деңіз сау болып, ұзақ ғұмыр берсін", "Құтты болсын Жаке еңбегінің жемісті болсын деген осы шығар осы атақты алу үшін қанша тер төктің жұлдызың жана берсін тіл көзден аман бол сен мен үшін қазақтың намысын қолдан бермейтін қайсар қарапайым қазақтың қызысың жарайсың" - дейді көпшілік.