Мөлдір Әуелбекова өнердегі әріптестеріне ренжулі

Oinet.kz 10-12-2020 1215

Қазақстандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова образын өзгерткеннен кейін біршама әріптестері одан сырт айналғанын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жариялады.

Мөлдір Әуелбекова.png

- Мен жайлы...

- Негізі, әуретімді жауып образымның сәл-пәл өзгергені болмаса, дауысым сол баяғы жоғарғы екінші сопрано ғой.

- Қасымның өскені болмаса, түрім сол баяғы "әдемі қыз" ғой.

- Әріптестерімнің көбісі отписка жасағаны болмаса, адал оқырмандарым сол баяғы 2.800.000 ғой.

- Ең маңыздысы, күйеуім Айша деп еркелеткені болмаса, сол баяғы Мөлдірмін ғой - дейді Мөлдір Әуелбекова. 

Ал, әншінің бұл постына көпшілік ыстық лебіздерін білдіруде. 

- "Жаным сол баяғы ақкөңілім", "Маша Аллаһ осы қалпыңыздан тайманыз", "Тамаша Мөлдір дауысыңда өзіңде образдарыңда керемеет. Таққан орамалың да өзіңе жарасып тұр. Айша деген жұбайыңның берген есмі де күшті! Бақытты болыңдар! Мүміндердің анасы. Айша анамыздай болуға тырыссаң сенен бақытты әйел жоқ. Нағыз достар өзіңмен бірге барлық уақытта қандай жағдайда өзгерсең де өзгермесең де. Ал жалған достар олар біртіндеп жолда қалады", "Әр адамның таңдауы өз қолында ешқашан берілмеңіз ең бастысы сіз дұрыс істедіңіз. Ешкімге түсіндіруге міндетті емессіз.Әр адам бақытты болуға лайықты" - дейді желі қолданушылары.


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от MOLDIR AUYELBEKOVA

Кенжебек Жанәбіловтың отбасылық суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Қайрат Жаханға көпбалалы болудың оңай жолын айтты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу