«Бала әкесімен» - Мадина Сәдуақасова көпшілікті ойға салып қойды
Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасованың желіге жазған соңғы посты көпшіліктің көңілін бір сейілтіп қойды. Желі қолданушыларын көптен бері "әнші күйеуімен айырылысып кетті ме?" - деген сауал мазалап жүрген болатын. Мадина сол сұрақтың жауабын Instagram парақшасы арқылы өзі бергендей болды, деп хабарлайды Oinet.kz.
- Қымтанып киініп алам да бір қаладан басқа қалаға тоқтамастай кезіп жүрмін соңғы уақытта, бала әкесімен, сабағы жаман емес сияқты, бізде бірінен соң бірі түсірілімдер, жобалар , тағы басқа шаралар, шаруалар... Өздеріңізде қалай, сөйлеспегелі көп болды сіздермен. Бұрынғы өмірімізге қайтып оралып жатырмыз-ау? - дейді әнші.
Ал, әншінің тыңдармандары оған ыстық лебіздерін білдіріп, үнемі осылай керемет көңіл-күймен жүре беруін тілек етті.
- "Әкесімен болса жақсы бопты әйнәләйін сен жақсы болсаң бізде жақсымыз", "Ана, әке балада біреу-ақ қой. Қызым, өте дұрыс болыпты. Ақылды алтыным, осындай өнер берген Аллам ақылды да берген екен. Аз қиындык айел адамда болады ғой. Кешірімді бол, ұлың Азамат болып өсуі үшін. Өзіңді сүйіп алған жарың да қателік істесе түсінер. Бірақ арадағыны айтпауға тырыс , әртүрлі адамдар бар ғой", "Қызым бәрі жақсы болады. Жанұяның бақытына дүниеде ешнәрсе жетпейді. Ошағыңды өшірме күйеу бала жақсы" - дейді желі қолданушылары.