Роза Рымбаева жары Тасқын Оқаповқа деген сағынышын жеткізді
Қазақстандық танымал әніш Роза Рымбаева жары Тасқын Оқаповқа деген сағынышын жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы ол Egemen.kz-ке берген сұхбаты барысында айтты.
– Тасқын – менің өнердегі ұстазым, продюсерім ғана емес, өмірдегі серігім, арқа сүйер азаматым болды. Бүгінде жиырма үш жыл отасқан жолдасым Тасқынға деген сағынышымды есейіп келе жатқан ұлдарыма қарап басамын. Мен оның шығармашылық қолдауының арқасында өнер атты әлемнің биік баспалдағына батыл түрде қадам бастым - дейді Роза Рымбаева.