Алтынай Жорабаева ерекше қуанышты жаңалығымен бөлісті (жазба)

Oinet.kz 19-10-2020 1604

Қазақстандық белгілі әнші Алтынай Жорабаева қазіргі күйеуімен бірігіп бизнес жасамақ. Бұл туралы ол Instagram парақшасында айтты. 

image.png

Әнші Алтынай өнерден бөлек бизнеспен айналысатынын көп алдында ашық айтады. Бұған дейін жиһаз сатуды қолға алған еді. Енді бұл бизнесін әрі қарай жолдасымен бірге дөңгелететінін айтты. 

- "Құрметті оқырмандарым, сіздерге айтар тамаша жаңалығым бар. Менің жиһаз сататын компаниямның қожайыны жолдасым еді. Ол маған компанияны сатқанын айтты. Себебі сатуға тұрарлық ұсыныс алған. Компанияны құрбан етуге тұрарлық компания екен", - деді әнші. 

Жорабаева отбасылық бизнесі жайлы айтып, сүйінші сұрады. Қазіргі жолдасы екеуі бірігіп жұмысын жүргізеді. 

- "Бірігіп істеген істе береке болады. Алла қаласа алдағы уақытта тағы бір жаңалық күтіңіздер", - деп әнші желідегі оқырманын қызықтырып қойды. 

- "Істеріңіз оңынан келсін", "Алла қолдап берекелі болсын", "Отбасыңызға табыс, бақыт тілейміз. Некеңіз баянды болсын", "Сіз бәрін жасай аласыз", - деп дем берді желідегілер. 

Сәкен Майғазиевтің бала күніндегі отбасылық суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Мейрамбек Беспаев жарына үйленерде қандай сынаққа тап болғанын айтты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу