Бір рет ажырасқан танымал актер жаңа сүйіктісін көрсетті (видео)

Oinet.kz 16-10-2020 1363

Қазақстандық танымал актриса Лидия Кәденованың ұлы ұзақ уақыт бойы көптен жасырып келген ғашығын көрсетті. Бірінші некесі сәтсіз аяқталған Дидар Кәден жаңа сүйіктісін қалың көпшілікке бірден жария еткісі келмегенін алға тартты, деп хабарлайды Oinet.kz. Дидар Кәден жүрегін жаулаған ару жайлы НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасында айтты. 

image.png

Композитор қарым-қатынасына қатысты жан сырын ақтарып, тәң мәліметтермен бөлісті. Анықталғандай, Лидия Кәденованың ұлын өзіне ғашық еткен бойжеткен де өнерден алыс емес болып шықты. Бір рет ажырасқан Дидардың жүрегінен орын таба алған ару кәсіби түрде бимен айналысады. Есімі - Лейла, жасы - 24-те. 

- "Өнер адамы. Ол - биші. Мемлекеттік "Салтанат" би ансамблінде билейді. Есімі - Лейла. Мен ұзақ уақыт бойы жарияламай келдім. Негізі, біз карантиннің алдында таныстық. Рамазан айында сөз байласып, танысып, табысып енді байқап отырсаңыз біраз уақыт өтіпті. Жарты жыл болыпты. 96 жылғы ару. Құдай қаласа, тойдың да ауылы алыс емес. Бәрі карантинге байланысты" , - деп айтты Дидар Кәден.

Әбдіжаппар Әлқожа беташарда бір уыс ақша шашты (видео)
Роза Рымбаева мен жары Тасқын Оқаповтың фотосы көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу