Сәкен Майғазиев бір өлімнен қалай аман қалғанын айтты
Журналист Нартай Аралбайұлымен болған сұхбатты "Музарт" тобының солисті Сәкен Майғазиев қоғамдағы өзекті мәселерді талқылаумен қатар, өзінің Израильда басынан өткен жағдайды есіне алды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
- Басымнан өткен бір жағдайды айтайын. 2014 жылы исламтанушы Амангелді Еранғаев деген ғалыммен қасиетті Әл-Ақса орнында болдық (пайғамбарымыз с.ғ.с миғражға көтерілген жері. Мекке мен Мәдинадан кейінгі үшінші қасиетті орын). Қадір түнін сол жерде қарсы алайық деген ниетпен. Сонда мұсылмандар мен мұсылман еместердің арасында болған қақтығысты көзіммен көрдім. Біз кіре алмай тұрмыз. Олар 50-ге дейінгі ер-азаматтарды кіргізбейді, яғни жастарды.
Содан Амангелді қажы араб азаматтарға қоңырау шалып, Ясин сүресі мен Фатиха сүресін оқып кіруге тырыстық. Жаңағы жастар бағынбай, көтеріліп кетті. Содан Израиль әскері автоматтарымен келді.Төбемде тұрып шүріппені басып жіберуге сәл қалды. Сол жерде шүріппені басып жібергенде, кетіп қалар едім. Кәлимамды айтып, отбасым көз алдыма келді. Жаңағы араб азаматтары артқы есікпен кіргізіп жіберді. Соғысты көрдім демеймін, өліммен тұспа-тұс келдім, — деді Майғазиев.