Әнші Алмас Кішкенбаев көпшілікті жылатты (видео)
Қазақстандық белгілі әнші Алмас Кішкенбаев өзінің бұрынғы жарына қатысты әсерлі жазба жариялап, жанкүйерлерін жылатып қойды. Желі қолданушылары өнер иесінің жағдайы үшін алаңдаулы. Олардың ойынша, әнші сүйіктісін ұмыта алмай, күйзеліске түскен, деп хабарлайды Oinet.kz.
Алмас Кішкенбаев Instagram парақшасында бұрынғы өмірі туралы сыр шертіп, сүйіктісін есіне алды. Эстрада жұлдызы жариялаған жазбаның әсерлі болып шыққаны соншалық, желідегілер оны оқып көзіне жас алған. Өнер иесі "жақсы сөз - жарым ырыс" деген сөзді енді серік етпек. Ол бұдан былай баянсыз махаббат жайлы әндерді мүлдем шығармауға шешім қабылдаған.
- "Бұл ән жазылғанда біз бірге едік. Қазақтың сөзі бар ғой, "жақсы сөз - жарым ырыс" деген. Сол секілді, әнде де тек жақсылықты жариялау керек. Өмір жалпы біз ойлағандай бола бермейді, барлығы маңдайға жазғанымен келеді, бірақ, адамның пейіліне, қалауына да көп нәрсе байланысты. Осы тақырыптағы соңғы ән, соңғы пост болсын" , - деп жазды әнші.
Кішкенбаевтың бұл жазбасы бірден желіде қызу пікірталас тудырды. Оқырмандар бірінен соң бірі оған жылы лебізін білдіріп, барынша қолдау көрсетуде.
- "Кешірім сұрап, бәрін басынан бастасаңыздаршы" , "Жақсы үлгілі отбасы едіңіздер. Сізге жүрегім ауырып отыр" , "Орны толмас сағыныш. Қалай қатты сүйгеніңіз көрініп тұр" , "Қаншама ажырасып кеткен ер адамдарды көріп журміз дым болмағандай аз уақытта басқа біреуге уйленіп, бала шағасын ұмытып журген. Сіздің қыздарыңызға жарыңызға деген махаббатыңыз жоғары екен. Алла сіздерді қайта бас қосуға нәсіп етсін" , Қатты жылағым келді" , "Бәрі жақсы болып кетсіңші" ,- деп жазуда көпшілік.
Әншінің бұрынғы продюсері Ләйлә Сұлтанқызы да оның жазбасынан кейін көзіне еріксіз жас алғанын айтты.
- "Өзімнің балам ғой. Әнін естіп жүрегім ауырып кетті. Соңғы постын оқып, тіпті жылап та алдым. Бұл тақырыпқа оралғым келмейді, болды дейді. Жігіттің басынан не өтпейді. Бәріне шыдау керек, көтеру керек, алға ұмтылуды тоқтатпау керек. Құдай бір сәтте бәрін үйіп-төгіп берді. 2003-2004 жылдары танымалдылығы жағынан алдында президент қана болған шығар. Еліміздің қаншама менмін деген жас қыздары танысуға ұмтылды. Тіпті оған тұрмысқа шығуға да дайын болды. Мен көзіммен көрген сол 2-3 қыз қазір өте танымал. Таңдап жүріп, өз ғашығына үйленді. Ешқандай есеппен болмады. Тойында облыс басшылары, танымал адамдар өте көп болды. Тойды ашу бізге бұйырды. Шығармашылық дағдарыс бәрінде болады. Дегенмен жүрек тыныш болмаса, уайым болса оңай емес. Алмас сен балаларың үшін мықты болуың керек" , - деп жазды ол.