Кеше ғана ұлын үйлендірген Роза Рымбаева шын мәнінде кім? (фото, дерек)
Роза Қуанышқызы Рымбаева Қазақстанның халық әртісі, қазақ эстрадасының әншісі, профессор, актриса. Ол 1957 жылы 28 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Жаңғызтөбе станциясында дүниеге келген.
Әншінің халықаралық дәрежеге жетуі С. Бәйтерековтың «Әлия» әнін орындауынан басталады.
1979 жылы Роза Рымбаева Ыстамбұлда өткен халықаралық әншілер байқауында лауреат атанды;
1983 жылы Кубада өткен «Гала 83» халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алады;
29 жасында Қазақстанның халық әртici атанады. Оның орындауындағы қазақ композиторлары Т. Ерешевтің «Гүлдене бер, туған жер», Н. Tілендиевтің «Куә бол», Б. Байқадамовтың «Айгөлек», Ж. Тұяқбаевтың «Атамекен», Т. Сарыбаевтың «Отандастар» әндері тыңдаушылардың үлкен ықыласына бөленген. «Бір бала», «Сәулем-ай», «Кебек», «Назқоныр», «Әгугай» және т. б. сияқты халық әндерін ол өзіндік ерекшелікпен орындайды. Роза Рымбаева сондай-ақ, киноактриса ретінде де танымал.
Білімі:
1.1974 жылы Семейдегі музыкалық училищесі;
2.1984 жылы Алматыдағы театралдық-көркем өнер институты, музыкалық драмалық комедиясы факультеті.
Отбасы:
Жолдасы Тасқын Оқапов (1948-1999)
Ұлдары Әли Оқапов (1991), Мади Рымбаев (2000).
Еңбек жолы:
1976-1979 жж. Республикалық Гүлдер жастар - эстрадалық ансамблінің солисі;
1977 жылы «Алтын Орфейді» жеңіп алады. 1979 жылы «Қазақконцерт» бірлестігі жанындағы «Арай» эстрадалық ансамблінің солисі;
Марапаттары:
1986 ж. Қазакстанның халық әртісі;
Халықаралық конкурстардың лауреаты. Құрмет және Парасат ордендері мен марапаттың иегері;
1984 ж. Өзбекстанның еңбек сіңірген әртіci;
1981 ж. Лениндік комсомол премиясы-жоғарғы орындаушылық шеберлігі үшін;
1991 ж. Хальқтар Достығы ордені;
2000 ж. «Парасат» ордені, 2000 ж. Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі;
2002 ж. Орден Почёта (Ресей), 2002-Қазақстан жұлдыздар аллеясында жеке жұлдызы. 2002 жыл Тарлан.
2004 ж. «Құрмет» ордені, 2004 ж. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы. 2004 ж. «Звезда созидания» ордені.
2005 ж. Мәскеудегі жұлдыздар аллеясында жеке жұлдызы.
2008 ж. «Астанаға 10 жыл» медалі. 2008 ж. Қарағандыдағы жұлдыздар аллеясындағы жеке жұлдызы.
2011 ж. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі;
2011 ж. Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы.