Мөлдір Әуелбекова шығармашылық өмірі туралы жаңалығымен бөлісті
Жақында екінші рет тұрмыс құрып, хиджаб киіп елді таң қалдырған Мөлдір Әуелбекова күйеуіне сезімге толы ән арнады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жариялады. Әншінің сөзіне сүйенсек күйеуі оның өнерін қолдап, үлкен сахнаға қайта шығуына қарсы еместігін байқаймыз.
"Құлыным Салтай екеуімізге ерекше қамқорлығымен арқа сүйер болып отырған жүрегімнің Қожайыны, Алла қосқан жан-жарыма қуанышпен "Сүйіктім" атты әнімді арнадым! Ма ша Алла!
Ресми жариялаймын: Отағасы шығармашылығымды қолдаумен үлкен сахнаға шығуыма рұқсат етті!" - деп жазды Мөлдір Әуелбекова.