Кішкентай кезіндегі видеосымен бөліскен Димашқа ел сүйсінуде (видео)

Oinet.kz 18-08-2020 988

Әлемді ерекше даусымен таңдандырып жүрген Димаш Құдайберген өз жанкүйерлерін тағы да қуантып қойды. Әнші отбасылық мұрағаттағы 13 жыл бұрынғы видеожазбамен бөлісті. Желі қолданушылары өнерпаздың кішкентай кезіндегі кейпіне сүйсіне қарап, жылы лебіздерін жаудыруда, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Димаш Құдайберген бала күнгі видеосын Instagram парақшасында бөліскен. Бейнежазба өнер иесінің туған інісі Әбілмансұр дүниеге келген кезде түсірілген. Онда жұлдызды әулеттің барша туған-туыстары бой көрсетіп, өмірге енді ғана келген сәбиге өз ақ тілектерін жолдаған. Димаш Құдайбергеннен басқа, видеода оның әкесі Қанат Айтбаев пен қарындасы Раушан Құдайбергенді де көруге болады. Тілектер тізгінін бастаған Димашқа барша желі қолданушылары сүйсінген. Олар ғажайып lауыс иесінің кішкентай кезінде де аса сүйкімді болғанын айтуда. 

- "Бізбен мұндай аса ерекше отбасылық мұрағаттағы видеомен бөліскенің әрі сенім білдіргенің үшін рахмет" , "Өзің сондай тәттісің, сүйкімді балапан" , "Тәтті балақай, тілің де тәтті" , "Кішкентай кезінде де сен ерекше болғансың. Айтып тұрған тілегің басқа балалардан өзгеше" , "Димаш неткен әсерлі видео, бізбен бөліскенің үшін рахмет" , "Раушан сондай сүйкімді" , "Қанат аға жас екені көрініп тұр" , - деп жазуда көпшілік. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

@raushan_kudaibergen @abi13918 @kanat_sveta_aitbayevtar @guzeka93 @albinabakhyt_

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Жанар Айжанованың қызы күйеуі екеуі туралы маңызды ақпаратпен бөлісті (жазба)
«Қалаулым» арқылы танылған атышулы Замира екінші күйеуімен соттаспақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу