Роза Рымбаева аянышты тағдыры туралы бар шындықты айтты (видео)
Қазақстанның Халық әртісі, әнші Роза Рымбаева өмірінде орын алған келеңсіз сәттерді еске алып, сол бір қиын шақтардан қалай өткендігін жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы әнші Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты.
- Сіңлім қатты ауырды. Сіңлімнің миына операция жасалды. Рак болды. Бір өлімнен қалды. Сол операция жасап жатқан кезде анам қайтыс болды. Таңертең реанимацияға кетті, енді сіңлім ояна ма, оянбайма? Сіңлім креслода отырып қалса, жатып қалса не боламыз және де өзім алдын ала шешімге келіп қойдым. Күйеуі, бала-шағасы бар. Өзімнің қолыма алып аламын да күйеуіне айтамын сен енді өз өміріңді өзің жаса деген шешімге де келгенмін. Сондықтан көздің жасы сорғалады. Ойладым Құдайдың маған берген бір сынағы шығар. Сол кезде Әли айтты: "Мама көз жасыңмен ештеңеге көмектесе алмайсың, өзгерте алмайсың. Не болса да көреміз, жылама", - деді. Содан кейін тұрып ауруханаға жүгірдім, таңғы алтыда қайтыс болды деген хабар келген анама жүгірдім. Сондай қиын кезеңер, әрине ұмытылмайтын кезеңдер. Ол бір жағынан адамды шыңлайтын сын шығар, - деді Роза Рымбаева.
Посмотреть эту публикацию в Instagram