Айқын Төлепберген «опасыздардың» тірлігіне бұлданды

Oinet.kz 24-07-2020 1227

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Айқын Төлепберген қоқысын көшеге төгіп кеткен азаматтардың видеосына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

Желіде шу тудырған бейнежазба өнер иесінің де ашуын келтірген. Ол табиғат аясын қасақана ластайтындарға тиісті айыппұл салу керектігін айтты.

Айқын Төлепберген жұрт наразылығын тудырған бейнежазбамен өзінің Instagram парақшасында бөліскен. Видеода жұмыс киіміндегі ер адамдардың көшеге қоқыс тастап жатқанын көруге болады. 

Олар аккумулятор жасайтын мекемеде қызмет ететін көрінеді. Ер азаматтар қоқыс тиеп келген көліктің сыртында компания атауы да жазылған. 

Белгілі болғандай, келеңсіз оқиға Қарағанды қаласында орын алды. Даланы ластап жатқан жігіттерді байқап қалған куәгер бірден олардың қасына қарай барған. Видеоға түсіріп келе жатқан ер адамды байқаған азаматтар оған қарсылық танытып, бейнетүсірілімін тоқтатуын талап еткен. 

Олар табиғат аясын ластамауын сұраған куәгерге "жеке меншігің емес қой" деп жауап қайтарған. 

Бұл жағдай әнші Айқынды да бей-жай қалдырмаған. Өнер иесі бұл оқтғаға қатысты не ойлайтынын жасырмай айтқан. 

"Осындайларды көріп, жүрегің ауырады. Штраф салу керек мұндай опасыздарға. Өз мусорын келіп, көшеге лақтырып кетті. Штраф салу керек фирмаға. Жұмыс уақыты екені айдан анық. Үстінде формалары бар" , - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Осындайларды көріп, жүрегің ауырады. Штраф салу керек мұндай опасыздарды. Өз мусорын келіп, көшеге лақтырып кетті. Штраф салу керек фирманы. Жұмыс уақыты екені айдан анық. Үстінде формалары бар! Это каким раздолбаем нужно быть, чтобы свой промышленный мусор приехать вот так и выбросить. Экономят деньги на свалке, а потом их начальники отмазываются, что не в курсе. Что не в рабочее время. Хотя сотрудники в рабочей одежде. Пусть страна знает своих героев!!! Вот кого нужно штрафовать, а не граждан не носящих маску @patriotkaragandy

Публикация от Aikyn Tolepbergen (@aikyn)

Маржан Арапбаева 2 бап бойынша жауапқа тартылды
Біздің бала-шағамыз жоқ па? Қарақат Әбілдина халыққа ашулы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу