«Қанша қашсам да жетіп алды»: Сұлтанқызы ауырып қалғанын хабарлады (видео)
Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы сырқаттанып қалды. Ақпарат өкілінің дене қызуы көтеріліп, өңе бойын тер басқан. Медиа тұлға өзінің коронавирус жұқтырып алған болуы мүмкін екенін жоққа шығармады, деп жазады KAZ.NUR.KZ. сайтына сілтеме жасаған Oinet.kz сайты.
Ләйлә Сұлтанқызы өзі үшін алаңдаған оқырмандарымен Instagram желісінде байланысқа шығып, өзінің ауырып қалғанын растады. Белгілі тележүргізуші арнайы видео түсіріп, өзінің қандай ем қабылдап жатқанымен бөлісті.
"Қалдарыңыз қалай? Жағдайларыңыз қалай? Ауырып қалдым. Температура - 37,6. Әзірге су, таңқурай мен лимон қосылған шай ішіп жатырмын. Жеп жатқаным апельсин, мандарин. Тәбетім жоқ, тек қана қатты терлей беремін. Көп терлеймін. Мүмкін көп су ішкеннен шығар. Әзірге 38 градусқа дейін көрейін дедім. Мүмкін көтерілмейтін де шығар. Бірақ, мұздай денем. Денем мұздай болып жатса, температура қалай көтеріліп жатқанын түсінсем бұйырмасын. Ауырмаңыздар. Алғашқы күндер дене қызуын түсіретін дәрілерді, сұйықтық көп ішу керек дейді. Менде де солай болады" , - деді Сұлтанқызы.