«Ертегі әлемінде жүріппін»: Ерке Есмахан әсерлі жазбасымен елді жылатты

Oinet.kz 19-07-2020 2172

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан желіде әкесіне арнап жантебірентерлік жазба арнап халықты жылатты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі

Screenshot_1.jpg

Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жариялады.

"Әлі де сене алмаймын. Әкем қасымда мәңгі жүретіндей болатын! Міне, енді Әкемнің кеткеніне бүгін тура 1 ай болды!

Қазір әкемді түсімде көргенде қуанып қаламын, оянсам таба алмаймын. Алланың ісіне көнемін, сабыр, басқа амалым жоқ.

Әкем мені мұрнымнан сүйіп, "Еркетайдан Айналайын" деп еркелететін. Кішкентайымда күнде ұйықтар алдында ертегі айтатын. Мен ауылда бастауыш мектепті бітіргенше папам мен мамамның ортасына жатып келдім. Сағындым әкемді!

Кішкентайымнан естіген астан соң қайтаратын батасын сағындым!

Ол батаны үй-ішімізбен жаттап алғанбыз. Батасын бермей, ешқайсымызды дастарханнан тұрғызбайтын. Дастархан басында қалжың қосып басынан өткен оқиғаларын айтып отыратын. Мамама: "мен әке-шешесіз өстім, сен болмасаң, мен осындай үлкен әулиет болар ма едім?!" - деп рахметін айтып отыратын. Мен "тууу папа" деп бірдемесіне келіспей қалсам: "менде сенің акеңдей білгіш әке болған жоқ қой" деп қалжыңдап күлетін! Ақылды менің әкешім!

«Мұсылман емес»: Баян Алагөзова күйеуі туралы шындық жариялады
Рамазан Стамғазиевтың отбасында қайғылы жағдай орын алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу